Тәуелсіздік – халқымыздың бірлігі мен табандылығының, ел дамуына деген сенімінің және жарқын болашаққа ұмтылысының айқын көрінісі. Ел игілігі жолында аянбай еңбек етіп жүрген құрылыс және жол зертханаларының мамандарына, құрылыс компанияларының басшылары мен инженерлеріне, сондай-ақ автомобиль жолдарын диагностикалау саласының кәсіби мамандарына ерекше алғысымызды білдіреміз.
Сіздердің сапалы еңбек пен жоғары жауапкершілікке негізделген қызметтеріңіз еліміздің инфрақұрылымын дамытуға, қауіпсіз әрі берік жолдар мен нысандар салуға зор үлес қосуда.
Баршаңызға мықты денсаулық, отбасылық амандық, кәсіби табыс, жаңа жобалар мен биік жетістіктер тілейміз.
Тәуелсіз Қазақстанымыз өркендеп, ел абыройы асқақтай берсін! С Днём Независимости!